Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланған.
Атап айтқанда, бұрын жасалған 683 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 99 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 68 қылмыскер ұсталып, 16 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 48 қылмыс анықталды, соның 35 - сату фактісі. 13 келіден аса есірткі заты, оның ішінде 10 келіден астам героин тәркіленіп алынды.
13:04, 10 Сәуір 2013
Апта ішінде 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен апта ішінде 6 139 қылмыс тіркелді, оның 2 216-сы «ізі суымай» ашылды.