Апта ішінде 7 193 қылмыс тіркелді - ІІМ

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Апта ішінде 7 193 қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Апта ішінде 7 193 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 128 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 764 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 53 қылмыс әшкереленді»,- деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, іздеу жарияланған 94 қылмыскер ұсталып, 3 дана қару тәркіленген.

«Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 51 қылмыс анықталды, оның ішінде 29 сату фактісі. 1 тонна 250 келі есірткі заты, оның ішінде 10 келіден аса героин тәркіленді», - деді Н.Ораз.