15:38, 20 Қараша 2013
Апта ішінде 7 мыңға жуық қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Апта ішінде 6 947 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 3 157 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланды.
Бұрын жасалған 723 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 23 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 105 қылмыскер ұсталып, заңсыз сақталып келген 6 дана қару тәркіленді. «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 52 қылмыс анықталды, оның ішінде 30-ы сату, 1 контрабанда фактісі бар. 20 келіден астам есірткі заты, оның ішінде 320 грамм героин тәркіленіп алынды», - делінген ведомство мәліметінде.