Апта ішінде 7 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Апта ішінде 7 179 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 843 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінде хабарланған.

Атап айтқанда, бұрын жасалған 773 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 63 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 167 қылмыскер ұсталып, 10 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 95 қылмыс анықталды, оның ішінде 36 сату фактісі. 79 келіден аса есірткі заты тәркіленіп, соның 2 келі 200 грамм көлеміндегісі героин есірткісі.