«Жол-көлік апаттары ең көп тіркелген күндердің бірі сенбі болды. Ол күні 5 апат орын алып, 5 адам түрлі жарақаттар алған», - делінеді хабарламада.
Жалпы жол полициясының қызметкерлері апта ішінде жолда жүру ережелерін бұзудың 3,5 мыңнан астам фактілерін тіркеген, соның ішінде рөлге мас күйінде отырған 61 жүргізуші ұсталды. Жылдамдықты асырғаны үшін - 210, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін - 170, жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін - 44, жолға қоқыс тастағаны үшін - 407 жүргізушіге және белгіленбеген тұстан өткен 289 жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттамалар толтырылған.