Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Сондай-ақ бұрын жасалған 538, соның ішінде өткен жылдар санатындағы 21 қылмыс әшкереленді.
Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, іздеу жарияланған 80 қылмыскер іздестіріліп-табылды, 4 дана қару алынды,23 есірткі қылмысы анықталды, оның 5-еуі - сату фактісі. Жалпы салмағы 16 келіден астам есірткі тәркіленді.