АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Апта ішінде ел аумағында 6043 қылмыс тіркеліп, оның 3218-і «ізі суымай» ашылды.
Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.
Бұрын жасалған 701, соның ішінде өткен жылдардағы 18 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 86 қылмыскер іздестіріліп табылып, 9 бірлік қару тәркіленді. 32 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 8 - сату фактісі. 28 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 2 келіден астамы - героин.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.