"Апта ішінде 7 203 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 105 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 734 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 26 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 88 қылмыскер ұсталып, 2 дана қару тәркіленіп алынды", - дедi ресми өкiл.
Оның хабарлауынша, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 56 қылмыс анықталған, оның ішінде 29 қылмыс сату фактісіне қатысты болып отыр. 50 келіден астам есірткі заты, сондай-ақ, 340 грамға тарта героин тәркіленіп алынды.