АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Апта ішінде 6 953 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2 961 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінде хабарланды.
Бұрын жасалған 649 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 22 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 98 қылмыскер ұсталып, 8 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 39 қылмыс анықталды, оның ішінде 19 сату фактісі.
«650 келіден астам есірткі заты, сондай-ақ, 1 келіге тарта героин тәркіленіп алынды»,-делінген ІІМ хабарламасында.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.