«Апта ішінде 6 072 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 2 560 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 666 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 27 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 328 қылмыскер ұсталды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 14 қылмыс анықталды, оның ішінде 7 сату фактісі. 36 келіден астам есірткі заты тәркіленіп алынды», - деп атап өтті Н.Ораз.
14:02, 23 Қазан 2013
Апта ішінде республикада 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Апта ішінде республикада 6 072 қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде елдегі криминогендік ахуалға қатысты өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.