Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Апта ішінде 7 108 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 197 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 768 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 43 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 129 қылмыскер ұсталып, 7 дана қару тәркіленіп алынды», - деп атап өтті ресми өкіл.
Сонымен қатар есірткінің заңсыз айналымына байланысты 53 қылмыс анықталған. Оның ішінде 18 сату фактісі орын алған. 359 келіден астам есірткі заты, соның ішінде 2 келіден астам героин заты тәркіленіп алынды.