Аптап ыстық пен қатты жел: елдің басым бөлігінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 9 маусымға Қазақстанның 17 облысы мен Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, елдің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғады. Сонымен қатар, аптап ыстық пен өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Қала маңында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Абай облысында күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз 35 градус ыстық болады.

Ақмола облысында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды және дауыл тұрады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Кей аудандарда шаңды дауыл соғады. Жел екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда да жаңбыр мен бұршақ болжанып отыр.

Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз ауа температурасы 39 градусқа дейін жетеді. Өңірдің солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 36 градус ыстық болады. Іле Алатауында күннің екінші жартысында найзағайлы жаңбыр болады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының бірқатар ауданында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Таразда да осындай ауа райы болжанып отыр.

Жетісу облысында күндіз 35-38 градус аптап ыстық болады. Таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік және шығыс бөліктерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оралда да күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Қарағанды облысында жаңбыр мен найзағай болады. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің бірнеше ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күннің екінші жартысында жаңбыр жауады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі жарияланған.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл және шаңды дауыл болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында найзағайлы жаңбыр күтіледі. Ақтауда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болады. Ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, дауыл және бұршақ болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Петропавлда да қолайсыз ауа райы күтіледі.

Түркістан облысының бірқатар ауданында жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында жел күшейеді.

Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай ойнайды.