Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды

Фото: Фото: Қызылорда облыстық әкімдігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы келді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қ. Сәрсенбаев Қызылорда облысы Сырдария ауданында 1961 жылы дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын «Инженер-гидротехник», Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдастырушы-экономисі», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист-бухгалтер», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария су шаруашылығы басқармасының инженері ретінде бастаған. Әр жылдары осы басқармада аға инженер, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

1986-1997 жылдары Сырдария ауданында түрлі басшылық қызметте болды.

1997-2013 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.

2013-2020 жылдары Шиелі және Жалағаш аудандарының әкімі болып еңбек етті.

2020-2023 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшының орынбасары болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысы тағайындалды.