Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысы қызметіне Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ж. Сейілов 1985 жылы дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы ретінде бастаған. Әр жылдары облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінде, ішкі саясат басқармасы мен қала әкімі аппаратында қызмет атқарған.
2017-2019 жылдары Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болған. 2019-2022 жылдары Қызылорда қалалық мәслихатының, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2022-2023 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылдың тамыз айынан бері Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жаңа басшы келді.