ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арал теңізінде жоғалып кеткен балықшының денесі 20 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов мәлім етті. Оның айтуынша, құтқарушылар барлық жұмыстарды атқарған. Дегенмен іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бере қойған жоқ.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында ауа райы құбылмалы болып тұр. Сондықтан тұрғындардан барлық сақтық шараларына көңіл бөлуді сұраймыз», - деді Асылбек Шәменов.
Бұл оқиға 2 қараша күні орын алған. Сол күні Арал теңізіне балық аулауға шыққан екі балықшы жоғалып кеткен еді. Қатты жел тұрып, күннің күрт құбылуы салдарынан «Бақыт» шаруа қожалығында келісім-шарт бойынша еңбек еткен 25 және 26 жастағы екі азамат хабарсыз кетті. Ал 7 қарашада екі балықшының бірінің денесі табылған. Негізінде олар №16 учаскеде балық аулаған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.