Арал теңізінде ығып кеткен 2 балықшыны үш күннен бері таба алмай жатыр

АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал теңізі аумағында балық аулауға шыққан екі балықшы үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арал теңізінде ығып кеткен 2 балықшыны үш күннен бері таба алмай жатыр

Екі балықшы жергілікті «Бақыт» шаруа қожалығында еңбек етеді. Балық аулау ісін кәсіп еткен 25 және 26 жастағы азаматтар Арал теңізі аумағындағы №16 учаскеде өз жұмыстарын атқаруға шыққан. Қатты жел тұрып, күннің күрт құбылуы салдарынан олар жағаға оралған жоқ.

«Жоғалған 2 балықшыны іздеу шаралары қолға алынған. Бүгін барлығы 30-ға тарта қайықпен теңіз аумағында іздестіру шаралары жалғасады. Биыл мұндай оқиға алғаш рет тіркеліп отыр. Былтыр осындай 5 жағдай орын алған еді», - деп мәлім етті облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Бұдан бұрын Қызылордада мал іздеуге шыққан тұрғын адасып кеткен еді