Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды.Тексеру барысында белгілі болғандай, автокөлік оның әкесіне тиесілі екен.
- Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Жинақталған құжаттар сотқа жолданып, іс сотта қаралды. Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері ата-анасы мен балаға профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді, - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салайық, жыл басынан бері Қызылорда облысының жолдарында 811 жол-көлік оқиғасы тіркелді.