БУЭНОС-АЙРЕС. KAZINFORM — Аргентина жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазды ТАСС агенттігі.
Орталықтың мәліметінше, зілзаланың эпицентрі шамамен 58 мың халқы бар Ушуая қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 285 шақырым және шамамен 117 мың адам тұратын Чилидің Пуэнта-Аренас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болды.
Цунамидің қаупі жарияланды.
Айта кетейік, халықаралық жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні белгіленді.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)