— Бүгінде барлық сертификаттау рәсімдері толық аяқталды. 3 тамызда әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің № 8/26 сертификаты алынды. 18 тамызда «Қазаэронавигация» РМК-ның аэронавигациялық қызметтерді жеткізуші ретіндегі № 21 сертификаты алынды. 21 тамызда АРД сериялы №KZ01VKC00000389 аэродромның жарамдылық сертификаты берілді, — деп жазды әкім әлейметтік желіге.
Өңір басшысының мәліметінше, қазіргі уақытта Арқалық әуежайы CRJ200 үлгісіндегі өңірлік жолаушылар әуе кемелерін қабылдауға және қызмет көрсетуге дайын.
Өткізілген конкурс қорытындысы бойынша «SCAT» әуе компаниясы» АҚ әуе рейстерін орындайтын болады. Ертең Арқалық әуежайы алғашқы әуе рейсін қабылдамақ.
Ал 1 қыркүйектен бастап келесі бағыттар бойынша әуе рейстері орындалмақ.
Әр сейсенбі:
— Алматы — Арқалық: 08:50–10:50
— Арқалық — Қостанай: 11:50–12:40
— Қостанай — Арқалық: 13:40–14:30
— Арқалық — Астана: 15:30–16:20
— Астана — Арқалық: 17:50–18:40
— Арқалық — Алматы: 19:40–21:35
Әр сенбі:
— Алматы — Арқалық: 08:40–10:40
— Арқалық — Қостанай: 11:40–12:30
— Қостанай — Арқалық: 13:30–14:20
— Арқалық — Астана: 15:15–16:05
— Астана — Арқалық: 17:35–18:25
— Арқалық — Алматы: 19:25–21:15
— Арқалық әуежайының қайта іске қосылуы — Торғай өңірінің көлік қолжетімділігін арттырып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндік беретін маңызды қадам, — деп жазды әкім.
Айта кетейік, жақында Арқалық әуежайына IATA халықаралық коды ресми түрде берілді.