Қоғам ұжымына жаңа басшыны Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев таныстырды.
Арман Шайханов Екібастұз қаласындағы Инженерлік-техникалық институтты «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағының Экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Екібастұз қаласының энергетикалық нысандарында бастаған. Кәсіби жолында машинист-обходчиктен қазандық бөлімшесінің аға машинисі және энергоблок машинисі лауазымдарына дейін көтерілген.
2006 жылы «KEGOC» АҚ-да еңбек жолын жалғастырып, жетекші және бас маман, бөлім бастығының орынбасары және бөлім бастығы, бас технолог-жүйетанушы, Ұлттық электр желісін дамыту, сыртқы байланыстар және трейдинг департаменттерінің директоры, Ұлттық электр желісін дамыту және жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарған.
2022 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы қарашаға дейін «KEGOC» АҚ-ның «Алматы электр желілерінің» филиалын басқарды.
2025 жылғы қарашадан бастап осы тағайындауға дейін «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарды.
Айта кетейік, Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды.