ҚР Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Болат Бұхарбай Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Әр жылдары «Әділет» партиясының құрылымында, «Медиа Дамыту Қоры» корпоративтік қорында жұмыс істеген, «Қазпошта» АҚ баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Медиажобаларды продюсерлеумен және сайлау науқандарын ақпараттық-коммуникациялық сүйемелдеумен айналысқан.
Suleyman Demirel University мен Қаржы академиясының түлегі.
Осыған дейін Солтүстік Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа өкілі тағайындалғаны туралы жаздық.