Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен Арменияға 2026 жылы электромобильдерді 0 пайыздық кедендік баж мөлшерлемесімен әкелуге мүмкіндік беретін қосымша 5 мың көлікке квота берілді.
Бұл туралы Арменияның Экономика министрі Геворг Папоян мәлімдеді.
Оның айтуынша, қосымша 5 мың көлікке арналған квотаны бөлу тәртібі және басқа да мәліметтер жақын арада жарияланады.
Министрдің мәліметінше, дилерлер мен жеке тұлғалар үшін шамамен 1,9 мың электромобильге квота қалған.
-Осы көрсеткішке тағы 5 мың көлік қосылады. Нәтижесінде биыл электромобильдерге арналған жалпы квотамыз 20 мың данаға жетеді, – деді Геворг Папоян.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен Арменияға 15 мың электромобильді баж салығынсыз импорттауға квота берілген болатын.
Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанға электромобильдерді жеңілдікпен әкелуге арналған квотаны ұзартпайтыны хабарланған еді.
Осыған дейін Еурокомиссия электромобильдерге көшу ережелерін жеңілдетуді ұсынған болатын.