Армения мен Ұлыбритания қорғаныс саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

ЕРЕВАН. KAZINFORM – Лондонда Армения және Ұлыбританияның жауапты ведомстволары арасында қорғаныс мәселелері бойынша консультациялар өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.

Фото: armenpress.am

Арменпресс агенттігінің хабарлауынша, кездесуде тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Консультация қорытындысы бойынша Армения және Ұлыбритания Қорғаныс министрліктерінің жауапты өкілдері 2026-2027 жылдарға арналған қорғаныс саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Сонымен қатар кездесу соңында тараптар келесі отрысты Ереванда өткізуге уағдаласты.

Еске салайық, бұған дейін Арменияның Сыртқы істер және халықаралық сауда министрі Арарат Мирзоян елдің ҰҚШҰ-ға қайта оралуға ниетті емес екенін мәлімдеп еді.