Жанжал оппозициялық «Күшті Армения» фракциясының депутаты Эдгар Казарянның баяндамасы кезінде басталды. Ұлттық жиналыстың төрағасы Рубен Рубинян оның сөзі талқыланып жатқан мәселеге қатысы жоқ екенін мәлімдеп, микрофонын өшірді.
— Кешіріңіз, сіз көтеріп отырған мәселенің күн тәртібіне қатысы жоқ. Сондықтан осы жерден тоқтатуға мәжбүрмін, — деді Рубен Рубинян.
Эдгар Казарян болса өзіне бөлінген уақытты толық пайдалануға құқылы екенін жеткізіп, микрофонды қайта қосуды талап етті. Бұл ретте жағдайға оппозицияның басқа өкілдері араласқаннан кейін Армения Ұлттық жиналысының төрағасы депутатқа сөзін жалғастыруға мүмкіндік берді.
Осыдан кейін Эдгар Казарян Рубен Рубинянды депутаттарға сыйақы беріп, мемлекеттің қаражатын талан-таражға салды деп айыптады.
— Сіздерге бұл 250 мың драмды жұмсамауға кеңес беремін. Біз оны тиынына дейін қайтарамыз, — деді Эдгар Казарян.
Бұл мәлімдемеден соң Ұлттық жиналыстың төрағасы микрофонды қайта өшірді. Осы сәтте «Азаматтық келісім» билік партиясының депутаты Вааге Галумян оппозициялық «Күшті Армения» фракциясының өкілдеріне қарай бет алды. Артынша депутаттар бірін-бірі жұлқылап, жанжал басталып, соңы төбелеске ұласты.
Видео: t.me/yerevantodaу
Еске салайық, таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында сөз сөйлеген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Армениямен сауда және көлік байланыстарын қалыпқа келтіруді қолдайтынын мәлімдеді.
Қоса кетсек, 19-30 қазан аралығында Армения астанасында БҰҰ-ның Биологиялық алуантүрлілік жөніндегі конвенциясына қатысушы тараптардың 17-ші конференциясы (COP17) өтеді.