Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді
18:21, 20 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келетінін жазған болатынбыз.