Тергеу комитетінің баспасөз хатшысы Кима Авдалян бұл туралы 4 қарашада 65 мекенжайда, соның ішінде кәсіпкер Самвел Карапетянға қатысы бар нысандарда ауқымды тінту жүргізілгеннен кейін мәлімдеді.
Тергеу нұсқасына қарағанда, 2016-2024 жылдары Карапетян басқарды деген қылмыстық топ мүшелері компанияны басқару кезінде өкілеттерін асыра пайдаланған. Тергеушілердің пайымдауынша, қаражат дивиденд төлеу, қарыз беру және аванс аудару арқылы шығарылған.
Келтірілген болжамды шығынның жалпы көлемі 64 млрд 585 млн 780 мың драмға бағаланып отыр. 36 адамды жария түрде қылмыстық қудалауға тарту және оларды ұстау туралы шешім қабылданған.
Алдын ала тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, 2026 жылғы тамыз айында Арменияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің тергеуі аясында елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның ұлы Седрак ұсталған еді.