«Тіркеу бойынша тиісті талаптар бар екенін ескере отырып, Үкімет қаулысында тіркеудің нақты мерзімі бекітілген. Тіркеу шаралары 2020 жылдың 1 қыркүйекгіне дейін жүзеге асырылады. Осы мерзімге аталған тіркеу талаптарына жататын барлық көліктер тіркеледі деп жоспарлануда», - деді С. Түсіпов.
«Азаматтар тарапынан өтінімдер бар екенін, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті жағынан қайтадан жабдықталған автомашиналарды тіркеу үшін жағдай жасалып отырғанын ескере отырып, өзгертіп жабдықталған автокөліктер үшін мерзімді ұзарту ұсынысын пысықтап жатырмыз», - деді С. Түсіпов.