«АрселлорМиттал Теміртауда» қосымша акционерлер анықталмады – Премьер-Министр
«АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлерін тексеру кезінде қосымша меншік иелері анықталмады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер Үкімет басшысынан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында кімдердің үлесі бар екенін сұрады.
«Біз заңды рәсімдерді атқару кезінде «АрселорМитталдан» тиісті құжаттарды алдық. Компанияның 100 пайыз акциясы «АрселорМитталға» тиесілі. Оның басқа қосымша иелері жоқ», - деді Әлихан Смайылов.
Жақында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлері арасында Назарбаев әулетінің өкілдері жоқ екенін айтты.
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.