Артық салмақтан арылту отасында көз жұмған марқұмның сот сараптамасының мерзімі ұзартылды

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта артық салмақтан арылу үшін жекеменшік клиникада ота жасатып көз жұмған Алматы облысы тұрғынының ісі туралы мәлімет берді.

«Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 17 шілдеде азамат Л.С. Батырханованың сенімді өкілі, адвокат Д.Г. Перцевадан өтініш келіп түскен.

Департамент 22 шілдеде Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция департаментіне қылмыстық істің қозғалғаны туралы, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің нөмірін, медициналық сот сараптамасының хаттамасын, шыны препараттарды, тексеру жүргізу үшін биоматериалдар бойынша ақпараттарды ұсынуға жәрдемдесу туралы сұрату жіберді. 
Әділет министрлігі 6 шілдеде азамат Л.С. Батырханованың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы түскенін алдын ала хабарлады. Сонымен қатар сот-медициналық сараптаманы толық жан-жақты жүргізу мерзімдерінің ұзартылғаны хабарланды», - деп жазылған жауапта.

Еске салайық, шілденің басында Алматыда артық салмақтан арылу үшін липосакция жасатқан әйел көз жұмған болатын