3 күнге жалғасқан аралас командалық бағдарламада Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді.
Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша, отандастар командаcs 216.7961 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы сапында Виктор Друзин, Даяна Джаманчалова, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова, Наргиза Болатова және Ясмин Туякова өнер көрсетті. Үш жаттығудың жалпы қорытындысы:
Қытай – 857.5084 ұпай
Жапония – 821.7404
Қазақстан – 672.6029
Бұған дейін жұптық жарыста Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова техникалық және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша, 565.7326 ұпай жинап, қола медаль алған еді.
Осыған дейін Әділет Ахметғалидің кураштан Азия ойындарының жартылай финалына шыққаны туралы жаздық.