АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық футболшы Артур Шушеначев Израиль біріншілігінде өзінің екінші голын соқты.
Шабуылшы ойын көрсететін «Хапоэль Беэр-Шева» клубы бүгін өз алаңында «Хапоэль Хайфа» командасын қабылдады.
Ойынның 73-минутында ол қарсыластар қақпасына гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Бұл - қазақстандық футболшының Израиль біріншілігіндегі екінші голы. Қазірге дейін ол жаңа клубында жеті ойын өткізіп үлгерді.
А. Шушеначев 2016 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Қайрат» клубтарының намысын қорғады.
Биыл «Хапоэль Беэр-Шева» командасына ауысты.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан чемпионатында «Тұран» мен Жетісу cырт алаңда жеңіске жетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.