Жарыс аясында ерлер қысқа бағдарламасын орындады.
Қазақстандық Артур Смағұлов бұл сында 61,09 ұпай еншілеп, 11-орынға жайғасты.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстанның тағы бір өкілі Никита Кривошеев жарыстан бас тартты.
Қысқа бағдарламадан кейін италиялық Габриэле Франджипани 80,96 ұпаймен көш бастап тұр. Оңтүстік Корея өкілі Ким Хенгем (79,57) екінші орында болса, Польшаның атынан сынға түскен Владимир Самойлов (74,35) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 қарашада өтеді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі бойынша жыл басынан бері бірнеше келіссөз жүргізілген. Нақты шешім 2027–2028 жылдары турнирді ұйымдастыру мүмкіндігіне қатысты ай соңында жарияланады.