Артём жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның финалында мәреге 3-ші болып жетіп, қола медаль иеленді.
Бұл бағдарлама жүлдегерлері:
1. Жоао Велосо (Португалия)
2. Ангелос Афанасиадис Каудис (Грекия)
3. Артём Матусевич (Қазақстан)
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл академиялық ескек есуден тарихи жүлде саналады. Осыған дейін біздің ескек есу шеберлері бұл жас санатындағы дүние жүзі додасында жүлде алмаған.
Еске сала кетейік, Матусевич іріктеу кезеңі мен жартылай финалда да 2-орын алып, финалға шыққан. Ол былтыр Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында ТОП-10 қатарынан көрінген атлет (9-орын).
Айта кетейік, чемпионатқа Қазақстан командасы сапында 5 спортшы аттанды. Барлығы Дуйсбург қаласындағы жарысқа 49 мемлекеттен 600-ден астам ескек есу шебері қатысты.
Еске салсақ Қазақстан командасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы 4 алтын жеңіп алды.