АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Нью-Делидегі (Үндістан) ITF W35 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық спортшы ресейлік Элина Неплиймен бірге бастапқы кездесуін үндістандықтар Лаалитя Каллури – Яшасвини Панвармен өткізді.
Қазақстандық-ресейлік жұп жергілікті теннисшілерді 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Матч небәрі 44 минутқа созылды.
Енді А.Сағындықова – Э.Неплий жартылай финалға шығу үшін жарыстың 4-ракеткалары, үндістандықтар Вайшнави Адкар – Сравайа Шивани Чилакалапудимен таласады.
Аружан сондай-ақ жекелей сында жарысқа қатысып жатыр. Ол екінші айналымда әлемнің 382-ракеткасы, жапониялық Саки Имамурамен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық үш жас теннисшінің Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайтынын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).