«19 қаңтарда Түркістан облысының Арыс қаласында қызметтік көлігін тізгіндеген учаскелік инспектор жолдың қарсы бетіне шығып кетіп жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді», - деп мәлім етті Алмас Садубаев.
Қазір ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Медициналық сараптама актісіне сәйкес полицей ішімдік ішпеген. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, аталған оқиға бойынша Түркістан облыстық Полиция департаментінде қызметтік тексеру жүргізілуде», - деді Алмас Садубаев.