АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Үй сатып алмақ болған ақтөбелік 5 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция ақтөбеліктерді сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.
«Қобда ауданы Қоғалы ауылының 46 жастағы тұрғыны 2019 жылдың қазан айында алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Әйел күдіктіге арзан пәтер алу үшін 5 млн теңге берген. Полицейлер күдіктіні анықтады. Ол бұрын алаяқтығы үшін сотталған 41 жастағы ақтөбелік болып шықты», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктіні ұстау шаралары қабылданған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.