«Екібастұз қаласында жалпы 400 шақырым жылу желісі бар. Биыл осы жазда 65 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұндай ауқымды жұмыс Екібастұз салынғалы істелген жоқ. Қала салынған 1957 жылдан 1970 жылға дейін ғана осындай инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары жүргізілген», - деді ол.
Әкімнің айтуынша, сол кезеңнен бері қалада ауқымды жаңарту болмаған.
«Бүгінде 65 шақырымның 55 шақырымы аяқталды, яғни бүкіл жұмыстың 80 пайыздан астамы жасалды. Осы қыркүйектің 20-сына дейін толық аяқтаймыз», - деді облыс басшысы.