Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауынан соң ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының жариялаған шешімдері қандай мұқияттылықпен қабылданса, алға қойылған міндеттерді дәл солай жүзеге асыру маңызды.
Бүгінгі Жолдау жүрегімізден айрықша орын алғанымен келісесіздер деп ойлаймын.
Отандастарымды Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуымен құттықтағым келеді. Құтты болсын!»,-деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.