«Соңғы уақытта мектептегі бағалау жүйесі туралы көптеген жағымсыз ақпараттар тарап жатыр. Біз кеше бұл мәселені талқыладық. Жалпы, министрліктің ұстанымы келесідей: критериалды бағалау жүйесі қалады. Одан ауытқып кетуге болмайды. Жалпы оны мұғалімдер қабылдады. Бірақ оны жетілдіру үшін тиісті, керек өзгерістерді енгізуге дайынбыз», - деді министр.
18:50, 31 Қаңтар 2020
Асхат Аймағамбетов: Мектептегі критериалды бағалау жүйесіне өзгеріс енгізуге дайынбыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің орта мектептеріндегі критериалды бағалау жүйесі сол күйінше қалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.