Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептегі орынжетіспеушілігі мәселесін біз Үкіметтің отырысында көтердік. Өздеріңізбілетіндей, мемлекет бүгінгі таңда бұл мәселеге ерекше назар аударып, қыруарқаражат бөліп жатыр. Қазіргі таңда еліміз бойынша 200-ге тарта жаңа мектепсалынуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында туу мен көшіп келу көрсеткішінің саныартқаннан соң бала саны бір жылда 20 мыңға өседі. Сол секілді Алматы облысындабір жылдың ішінде үш ауысымды мектептердің саны 30-дан 53-ке көбейіп жатыр. Бұлтек туу көрсектішіне қатысты емес, көші-қонға байланысты мәселе. Сондықтан, бұлтарапта қазір министрлік жаңа мектептерді салу әдістемесін жасап жатыр», - дедіАсхат Аймағамбетов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуынақарағанда, осыдан бірнеше жыл бұрын балабақша санының жетіспеушілігі өте өзектімәселе болып тұрған.

«Балабақшаларбойынша жан басына қаржыландыру жүйесін енгізгеннен кейін қазіргі таңдабалаларды балабақшамен қамту көрсеткіші жағынан 95,2 пайызға жеттік. Сондықтан,мектеп мәселесі бойынша жекеменшік мектептердің үлесін өсіруге үлкен назараударудамыз. Қазіргі уақытта жан басына қаржыландыру механизмі дайын. Үкіметотырысында көрсеткендей, қысқа мерзімнің ішінде ғана 25 жаңа мектеп ашылыпжатыр. Жыл соңына дейін біраз мектептер ашылады. Бірақ, ол да жетпейді.Сондықтан, қайта құру механизмін енгіздік», - деді министр.

АсхатАймағамбетовтың айтуына қарағанда, мектеп құрылысы мәселесіне келгенде мәселенНұр-Сұлтан қаласында жер тапшылығы проблемасы бар.

«Бірақ, дайынтұрған ғимараттар баршылық. Сол ғимараттар арқылы мектепке жағдай жасайтынболсақ, ғимараттарды да мектеп ретінде ашуға болады. Сол себепті, бұл өтекешенді мәселе. Министрлік тиісті шешім қабылдайды», - деді Білім және ғылымминистрі.

Еске сала кетсек,бүгінгі Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген елорда әкіміАлтай Көлгінов мектеп бойынша қалада 17 мың орынның жетіспейтінін хабарлағанболатын.

Соңғы жаңалықтар