Асхат Аймағамбетов: Оқулықтардан бірнеше қате таптым

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов оқулық сапасын арттыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайыноқулықтардың сапасына сын айтылып келеді. Ол сынның көбі орынды екенінмойындауымыз керек. Оны әріптің қатебасылуы десек те, техникалық қателік десек те, қоғам ондай ақталудықабылдамайды. Оқулық дайындау біздің міндет болғандықтан, оның сапасын да бізқамтамасыз етуіміз керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Ведомствобасшысы оқулықтардың мазмұнымен арнайы танысып шыққанын да айтты.

«Оқулық басужұмысы соңына жетіп қалды. Оны өңірлерге жөнелту жұмысы да басталып кетті.Қазір барлық оқулықтың 40 пайызы өңірлерге жеткізілді. Өткен жылменсалыстырсақ, бұл жақсы көрсеткіш. Дегенмен, бұл жұмысты тезірек аяқтау міндетітұр. Мен оқулықтарды қарап, бірнеше қате таптым. Ең бастысы, мұндайқателіктерге көз жұмып қарауға болмайды. Жалпы білім және ғылым министрлігіүлкен жұмыс атқарды. Бірқатар мәселелер шешімін де тауып жатыр. Дегенмен, бүгіноқулық бойынша біз проблема бар екенін ашық айтып отырмыз», - деді ол кеңесте.