«Жұмыскерлердің вакцина алуы да ерекше маңызға ие болып, бұл жұмыс ары қарай жалғастырылады. Бұған қоса мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, үзілістер уақытын әр уақытқа белгілеп, «1 сынып - 1 кабинет» жүйесі жұмыс жасайды. Барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады», - деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, жоғарыда аталған шектеулерді сақтай отырып, балабақшалардағы 20-25 баладан аспайтын топтарға штаттық режимде жұмыс істеу ұсынылады.
Өз кезегінде мектептер барлық 1 мен 11-сынып оқушыларына қатаң санитарлық шектеулерді сақтай отырып, оқытуды дәстүрлі форматта жүргізу, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін де дәстүрлі форматта оқыту ұсынылады.
«Әрине, ата-аналары немесе өздері коронавируспен ауыратын және денсаулығы бойынша тәуекел топтарға жататын білім алушыларға уақытша қашықтан оқыту форматымен білім алуды ұйымдастырамыз», - деді министр.