«Ол марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, 26 жастағы педагогтің ата-анасына ержүрек және батыр ер азаматты тәрбиелегені үшін алғыс айтты.
Мерей Ибрагимов 29 мамыр сел тасқыны орын алған күні Шарын шатқалына экскурсияға барғандардың қатарында болды. Жас мұғалім оқушыларды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болғаны, тағы біреуінің із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын.
Кейін Білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын, тағы бір оқушыны іздеу жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлім еткен еді.
«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 30 мамыр таңғы сағат 09:34-те 11 жастағы қыз баланы тапты.
Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылған.
Шарын шатқалында селге аққан қыз бала құтқарылған сәт бейнеленген видео жарияланды.
Шарын шатқалында жоғалған 11 жасар қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Алматы қалалық білім басқармасы Шарын шатқалына экскурсия мектеп әкімшілігімен келісілмегенін жеткізді.
Шарында оқушыларды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалім «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://kaz.inform.kz/news/sharynda-okushylardy-kutkaru-kezinde-kaza-tapkan-mugalim-erligi-ushin-medalimen-marapattaldy_a3795254