Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз көзқарасын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отбасы мүшелері міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр тамыз айының басында вакцинаны салдырған едім. Жалпы, жеке өз басым жыл сайын екпе қойдыратын адамдардың санатындамын, яғни тұмауға қарсы екпені жасатып жүрмін. Өткен жылы үш вакцина алдым, соның бірі – отандық QazVac. Атап айтқанда, вакцинаға, ғылымға сеніммен қарауға шақырамын», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол өз отбасы мүшелері де міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алатынын айтты.

«Қазіргі уақытта олар еліміздің өзге де азаматтары сияқты өзінің кезегін күтіп жүр. Шақырту келгенде кезекпен екпені салдырады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асхат Аймағамбетов COVID-19 індетіне қарсы отандық вакцинаны салдырды.



Соңғы жаңалықтар