Асхат Аймағамбетов: Жаңа оқу жылына қатысты БАҚ-та қате ақпарат көп

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барлық БАҚ өкілдерін дәстүрлі Тамыз кеңесіне шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019-2020 оқужылдарының жаңалықтарына келер болсақ, бұқаралық ақпарат құралдарында өте қатежәне шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат көп. Сондықтан, 16 тамыз күні дәстүрліТамыз кеңесі өтеді. Сол кеңеске барлық БАҚ өкілдерін шақырамыз. Кеңесте барөңірден педагогтарды шақырып, талқылаймыз. Әдістемелік нұсқаулық бүкілөңірлерге жіберіледі. Тиісті брифингті өткіземіз. Сонда барлық жаңалықтардыжіктеп, беретін боламыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдіңайтуынша, қате ақпараттардың көбі латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне қатыстыекенін айтады.

«Латын қарпіндегіқазақ әліпбиі бойынша әртүрлі ақпарат жүр. Бір ақпаратта жаңа әліпбидің 2019жылы, бір ақпаратта 2020 жылы енгізілетіні жазылған. Ал негізінен бекітілгенжалпы кестенің барын өздеріңіз білесіздер. Қазір осы латын әліпбиіне көшу үшінтиісті емле-ережелер жасалып, пилоттық жобалар басталуы керек. Сондықтан,кестеге сәйкес бірте-бірте көшетін боламыз», - деді ол.

Еске сала кетсек,бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин өңір әкімдеріне барлықбілім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар