Асхат Оразбай елші лауазымынан босатылды

Асхат Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Фото: azh.kz

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», - делінген құжатта.