Дарина Сысоева қыздар арасындағы 5 шақырымдық жарыста (U15) 18-орыннан көрінді. 7,5 шақырым қашықтықта (U17) Саида Елемес 18-орынға тұрақтады.
Ұлдар арасында 5 шақырымдық жарыста (U15) Тимофей Лебедев 34-орынға табан тіреді. Ал Ярослав Губарев 7,5 шақырым қашықтықта (U17) 44-орыннан көрінсе, Руслан Максимов 46-орынға жайғасты.
Қыздар арасында жарыстан қалыс қалу сайысынан 3 шақырымдық қашықтықта (U19) Саида Елемес 15-орын алып, іріктеу кезеңінен өте алмады. Ерлер арасында Ярослав Губарев 27-орынға, Руслан Максимов 28-орынға ие болды.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы 4×1500 метрлік аралас эстафеталық жарыста (U19) 18-орын алды. Құрама сапында Саида Елемес, Руслан Максимов, Дарина Сысоева және Ярослав Губарев өнер көрсетті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.