Еске сала кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат тілшісі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының Қаратал және Саралжын ауылдарында шектеу шаралары жарияланғандығы туралы жазған болатын.
Ағымдағы жылы Темір, Мәртөк, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында бруцеллез ауруының пайда болуы байқалды.
Бұл жағдай Ветеринариялық комитеттің тұрақты бақылауында, тұрақты мониторинг және сауықтыру шаралары жүргізілуде.
Ақтөбе облысы бойынша анықтама:
Бруцеллез ауруы бойынша 14 қолайсыз пункт тіркелген (МІҚ -12, МҰМ-2) (Темір, Мәртөк, Байғанин, Қобда, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласы), Өткен жылы дәл осындай уақытта 20 қолайсыз пункт тіркелген (16 ошақ МІҚ бойынша 4 ошақ ҰҚМ).
Ақтөбе облысы сарып ауруына тексерілуі:
МІҚ малдары бойынша 515 035 қан сынамасы тексеріліп 0,7% оң нәтиже берген.
МҰМ малдары бойынша 1 418 737 қан сынамасы тексеріліп 0,12% оң нәтиже берген.
Сарып ауруына он нәтиже берген санитарлық союға жіберілді.
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде орташа айлық нарықтық құнын өтеу жануардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір кг (литр, ондық) есебімен орташа айлық нарықтық құнының 30 % мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (70 %) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.
Ойыл ауданы бойынша:
Сарып ауруы бойынша 2 қолайсыз пункт тіркелген (МІҚ-2 арасында), (Ойыл а/о, Қараой а/о). Соның ішінде қан сынамасы тексеріліп 1 сынама оң әсер берген, 1 бас жойылған.