Қазақстан командасының спортшысы (-61 кг) Асыл Айтақын алғашқы белдесуінде қырғыз қарсыласы Омурбек Асан уулумен күш сынасып, 4-0 есебімен ұтты. Енді келесі айналымда қазақ бозкілем шебері әлем чемпионатының қола жүлдегері (2025 ж), әзербайжандық Нураддин Новрузовпен кездеседі.
Ал 70 кг дейінгі салмақтағы отандасымыз Санжар Досжанов іріктеуде кениялық Юджин Осале Омулуланы мерзімінен бұрын жеңді. Досжановтың келесі қарсыласы былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері - Моңғолия палуаны Тулга Тумурочир болады.
Айта кетейік, балуан Едіге Қасымбек Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.