Енгізілген өзгерістерге сәйкес, отандық және импорттық асыл тұқымды мал сатып алуға берілетін субсидиялар нормативтері қолданыстағы мөлшерден 75 пайызға арттырылды.
Құжат 2025 жылғы 20 қарашада № 37444 тіркеу нөмірімен ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.
Нормативтік құқықтық акт 2025 жылғы 24 қарашада ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында электрондық түрде жарияланып, 2025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Игілік» бағдарламасы басталатыны хабарланған болатын.